1189

Қазақстанның бес облысында ауа райының нашарлығына байланысты жолдар жабылды

Өңірлерде қатты аяз, боран болады.
Фотография - Қазақстанның бес облысында ауа райының нашарлығына байланысты жолдар жабылды Көрнекі сурет

Қазақстанның бес облысында ауа райының нашарлығына байланысты жол қозғалысы шектеледі. Өңірлерде қатты аяз, боран болады, деп хабарлайды Today.kz "Қазавтожолға" сілтеме жасап. 

Ақмола облысында дизельді және қоғамдық автотранспорт үшін республикалық маңызы бар Астана – Ерейментау – Шідерті автожолдары жабық. 

Шығыс Қазақстан облысында дизельді және қоғамдық автотранспорт үшін барлық бағыт жұмыс істемейді. 

Қарағанды облысында республикалық маңызы бар Қызылорда – Павлодар, Қарағанды – Аягөз – Бұғаз бағыттары  дизельді және қоғамдық автотранспорт үшін жабылды. 

Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты барлық автокөлік жолы шектелді. 

Павлодар облысында дизельді және қоғамдық автотранспорт үшін барлық бағыт жабық. 

Загрузка...