1089

Ақтөбе дәрігерлері Гиннесс рекордтар кітабын жаңартты

Ақтөбелік дәрігерлер 1 сағат ішінде 4 мыңнан астам адамның қан қысымын өлшеді.
Фотография - Ақтөбе дәрігерлері Гиннесс рекордтар кітабын жаңартты Сурет: lechusdoma.ru

Ақтөбелік дәрігерлер 1 сағат ішінде 4 мыңнан астам адамның қан қысымын өлшеді. Барлығы 500 дәрігер Гиннестің рекордын ресми түрде жаңартты, деп хабарлайды Today.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Ақтөбе қаласының тұрғындары 5 шілде күні Денсаулық саябағына жиналып, қан қысымын өлшетті. Алаңда 500 дәрігер отырып, әрбір ақтөбеліктің қан қысын өлшеп, оларға қажетті кеңес берді. Әр дәрігер бір адамға 3-4 минут уақытын ғана бөлді. Алаңда кезек болып, алдымен адамдардың жеке куәлігі тіркелді. Кейін олар қан қысымын өлшетіп, арнайы нөмір алды. Барлығы 80 бақылаушы жұмыс істеп, дәрігерлердің іс-әрекетін бейнекамераға түсірді.  

"Ақтөбе облысының дәрігерлері үшін бүгін ерекше күн. Гиннестің рекордын жаңартқаны туралы ақпарат ресми расталды. 5 шілде күні бір сағат ішінде 4270 адамның қан қысымы өлшенді. Әлемдік рекорд орнату үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасы сұраныс берді. Акция Денсаулық саябағында өтті. Осы арқылы біз қан қысымы дертіне назар аудартуды қаладық. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы сол уақытта қызмет еткен дәрігерлерге алғыс білдіреді", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Загрузка...