1140

10 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Бұл туралы синоптиктер айтты.
Фотография - 10 қаңтарға арналған ауа райы болжамы Көрнекі сурет

Қазақстанның көп бөлігінде 10 қаңтарда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Осыған байланысты жауын-шашын күтіледі, республиканың батысында ғана күн ашық. Республиканың кей жерлерінде көктайғақ, тұман, боран, қатты жел күтіледі, деп хабарлайды Today.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап. 

Алматы облысында тұман, көктайғақ болады, күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Жалаңашкөл ауданы аумағында жел жылдамдығы 20-25 метр секундқа жетеді. 

Қызылорда облысында тұман, көктайғақ болады, таңертең және күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. 

Түркістан облысында тұман болады, таңертең және күндіз жел секундына 25 метрге дейін күшейеді. 

Жамбыл мен Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. 

Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында синоптиктер боран болатынын хабарлады, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. 

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман болады. 

Загрузка...