835

11 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Бұл туралы синоптиктер хабарлады.
Фотография - 11 қаңтарға арналған ауа райы болжамы Сурет ашық дереккөзден алынды

"Қазгидромет" 11 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Today.kz.

Елдің көп бөлігінде жауын-шашын болады, кей жерлерде ғана күн ашық. Республикада тұман, көктайғақ, боран, қатты жел күтіледі. 

Жамбыл, Түркістан облыстарында тұман, көктайғақ, жылдамдығы 15-20 метр секундқа жететін жел күтіледі, жел 25 метр секундқа дейін соғуы мүмкін. 

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданы аумағында жел секундына 20-25 метрге дейін күшейеді, түнде және таңертең тұман болады. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде боран соғады, түнде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан облысында аздаған боран, тұман, көктайғақ болады, күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында тұман, көктайғақ болады, Қызылорда облысының жолы тайғақ. 

Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман болады. 

Загрузка...