Назарбаев қарттарды құрметтеп, жетімдер үйіндегі балаларды асырап алуға шақырды

Қазақстан
974
Астанада "Тәуелсіздіктің ұрпақтары" атауымен Жастар жылының ашылу салтанаты өтіп жатыр.

Астанада жастар жылының ашылу салтанатында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қарттарға қамқорлық көрсетіп, жетімдер үйіндегі балаларды асырап алуға шақырды, деп хабарлайды Today.kz

"Қазақта ондай бәле (қарттар үйі, – ред.) болған жоқ. Кіші баласы отау иесі деп неге айтқан. Баласын жетімдер үйіне беру деген болған жоқ. Қазақстанда жетімдер үйі болмау керек, жетімдерді асырап алу керек. Ол адамға да, Аллаға да жағатын нәрсе. Қазір жассыңдар, өмір шексіз болып көрінеді. Менің жасыма келгенде ғұмырдың зу етіп өтіп кеткенін білмей қаласыңдар. Бір мамандықты алып, соны түбіне дейін жеткізіп, соның қызығын көру керек. Басқаға уақыт жетпейді. Қартайған кезде бәрімізге қамқорлық керек. 

Үйлерінде жалғыз отырған қариялар бар, ешкімі жоқ. Солардың тізімін алып, анда-санда бір барып, батасын алсаң, бәрімізге жақсы емес пе? Волонтерлардың істейтін істері сол болады", – деді Мемлекет басшысы. 

Айта кетейік, Астанада "Тәуелсіздіктің ұрпақтары" атауымен Жастар жылының ашылу салтанаты өтіп жатыр. Шараға Үкімет мүшелері, ҚР Парламенті депутаттары, жергілікті атқарушы орган басшылары, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, "100 жаңа есім" байқауының жеңімпаздары, "Болашақ" бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар қатысуда. Сонымен қатар бұл жиынға шығармашылық, студенттік және жұмысшы жастар өкілдері, жас спортшылар, дарынды балалар, заманауи медиа саласының өкілдері, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектері, жас әскери қызметшілер келді. 

27 жастағы 7 баланың анасы Жазира Тұрғынова Президенттің алдында сөз сөйлеп, отбасы құндылығы туралы айтты

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына өткен жылғы Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынған болатын.


Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить