933

Азат Перуашев Қазақстанның атын өзгертуді ұсынды

Депутаттық сауалды ол премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа жолдады.
Фотография - Азат Перуашев Қазақстанның атын өзгертуді ұсынды Сурет: ©Арман Мұқатов

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанның атын өзгертуді ұсынды. Депутаттық сауалды ол премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа жолдады, деп хабарлайды Today.kz.

"2020 жылы болашақ тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің платформасы болған КСРО құрамындағы Қазақ Республикасының құрылғанына 100 жыл толады. Осыған байланысты "Ақ жол" демократиялық партиясы мемлекеттік деңгейде Қазақ Республикасының 100 жылдығына көңіл бөліп, осынау атаулы күнді атап өтуді ұсынады. Ғылыми конференциялар ұйымдастырып, оқиға қатысушыларының кітаптарын шығару, олардың атын нысандар мен көшелерге беру, пошта маркілерін, естелік монеталарын шығаруды ұсынамыз. 

"Қазақстан" атауымен қатар елімізге ресми "Қазақ Республикасы" атауын қайтару мәселесін қарастыруларыңызды сұраймыз 

Әр нәрсені өз атымен атау керек: қараны қара, ақты ақ, қазақты қазақ деу керек", – деді Перуашев. 

Депутат "Қазақ" атауы барлық ұл өкілін біріктіре түсетініне сенімді екенін мәлімдеді.