Мен сіздерді ренжіту үшін сынаған жоқпын – Назарбаев министрлер мен әкімдерге

Қазақстан
1201
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев министрлер мен әкімдерді не үшін сынағанын айтты.

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев министрлер мен әкімдерді не үшін сынағанын айтты, деп хабарлайды Today.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

"Осында отырған барлықтарыңызды, яғни Үкімет мүшелері мен әкімдерді таңдап отырып тағайындадым. Сіздер басқа мемлекеттік қызметшілерді тағайындадыңыздар. Сондықтан біздің бір-біріміздің алдымыздағы жауапкершілігіміз бірдей. Әрқайсыңды мен білемін. Қандай әлеуеттерің, білімдерің, тәжірибелерің бар екенінен хабардармын. Бүгінгі Үкімет алдында қандай мақсат тұрса да, оны істей алады. Бірақ өзін-өзі қамшылап, жұмыс істеуі тиіс. Күндіз-түні жұмысты ойлау керек", - деп тоқталды Елбасы. 

Осы орайда Президент бүгін отырыс барысында айтылған сыннан министрлер мен әкімдер сабақ алуы қажеттігін қадап айтты.

"Мен сіздерді ренжіту үшін сынаған жоқпын. Сіздерге сенгеннен кейін осының барлығын айтып отырмын. Жұмыс істеу қолдарыңнан келеді. Сондықтан бүгінгі айтылған мәселелер маңызды. Үкімет пен әкімдер бірігіп, халықтың мақсаты үшін жұмыс істеп, табысын көтеріп, әл-ауқатын жақсартуы тиіс", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Елбасының атап өтуінше, стратегиялық мемлекеттік бағдарламалар мен басқа да міндеттер сапалы әрі тиімді орындалуы қажет. Сәйкесінше, Үкімет осы бағыттағы шараларды басты назарға алуы керек.  

Айта кетейік, Астанада Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті. Президент бірқатар саладағы түйіткілді мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, банк саласындағы былықтар, келешегі жоқ компаниялардың несиелендірілуі, жылына 60 мың тонна ет экспорттау жоспарының орындалмауы, жеңіл өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы салаларындағы толассыз импорт, көлеңкелі экономикамен күрестің әлсіздігі және тағы да басқа мәселелер қозғалды.    

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить