1483

Нұрсұлтан Назарбаев қандай диета ұстанатынын айтты

Президент диета туралы пікір білдірді.
Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев қандай диета ұстанатынын айтты Сурет: akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев қандай диетаны ұстанатынын айтты. Мемлекет басшысының сұхбаты Instagram желісіндегі ҚР Президенті телерадиокешенінің парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Today.kz.

"Кімнен сұрасаң да, бәрі арықтағысы келеді. Арықтар да арықтағылары келеді. Үнемі диетада, ет жеу зиян, май жеу де зиян. Қазақтар етсіз қалай өмір сүреміз? Бір күні ұрыны ұстап алып: "Неге үнемі ұрлай бересің?" деп сұрапты. Оның жауабы: "Жылқы еті қашан дәмсіз болады, сол кезде ұрлығымды қоямын" болыпты.

Менің ұстанымым мынау: адам өз ағзасы талап еткен нәрсені жеу керек 

Қашанда айтатыным, адам спортпен айналысуы керек. Адам өзіне қарауы керек. Біз дені сау ұлт болуымыз тиіс. Жастарымыз осыған талпынып жүргенін білемін. Ешқандай арнайы диета ұстанбаймын", – деді Президент.