1082

Қазақстанның үш облысында дабылды ескерту жарияланды

Бұл туралы синоптиктер хабарлады.
Фотография - Қазақстанның үш облысында дабылды ескерту жарияланды Көрнекі сурет

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында дабылды ескерту жарияланды. Өңірлерде ауа райы нашарлайды, деп хабарлайды Today.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап. 

Ақтөбе облысында жел секундына 20 метрге дейін күшейіп, аздаған боран соғады. 

Батыс Қазақстан облысында боран, тұман, көктайғақ болады, жел секундына 20 метрге дейін күшейеді. 

Маңғыстау облысында жел секундына 18-20 метрге дейін күшейеді. 

Айта кетейік, суық ауа райы Қазақстанда 9 ақпанға дейін сақталады. Синоптиктер бұл – соңғы жеті жылдағы ең суық қыс екенін мәлімдеді