1154

11 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Бұл туралы синоптиктер хабарлады.
Фотография - 11 ақпанға арналған ауа райы болжамы Көрнекі сурет

"Қазгидромет" синоптиктері 11 ақпан Қазақстанда ауа райы қандай болатынын хабарлады, деп жазады Today.kz.

Елдің көп бөлігінде фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады, батыс пен орталықта күн ашық. 

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, боран, қатты жел күтіледі. 

Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында тұман, көктайғақ болады, жел секундына 15-22 метрге дейін күшейеді. 

Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман, боран болады, Шығыс Қазақстан облысында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. 

Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлері тұманды болады, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлері көктайғақ. 

Загрузка...