999

12 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Бұл туралы синоптиктер хабарлады.
Фотография - 12 ақпанға арналған ауа райы болжамы Көрнекі сурет

12 ақпанда елдің көп бөлігінде қар жауады. Тек батыста, солтүстік-батыста және орталықта күн ашық, деп хабарлайды Today.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап. 

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, боран, қатты жел күтіледі. 

Алматы облысында тұман, көктайғақ болады, жел секундына 28 метрге дейін күшейеді. 

Қызылорда облысында жел секундына 23 метрге дейін күшейеді, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жел жылдамдығы 20 метр секундқа дейін жетеді. 

Жамбыл, Маңғыстау, Ақмола, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында тұман, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында көктайғақ болады, Түркістан облысында жел секундына 20 метрге дейін күшейеді. 

Загрузка...