1081

Қазақстанның жаңа ішкі істер министрі тағайындалды

Ол – Ерлан Заманбекұлы.
Фотография - Қазақстанның жаңа ішкі істер министрі тағайындалды Сурет: kapital.kz

Қазақстанның жаңа ішкі істер министрі тағайындалды, деп хабарлайды Today.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

"Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалсын", – делінген хабарламада. 

Ал Қалмұханбет Қасымов Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне ауысты.

"Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы  болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметінен босатылсын", – делінген Жарлықта. 

Загрузка...