1785

Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Фотография - Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды Сурет ашық дереккөзден алынды

Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Today.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Шүкеев Түркістан облысын 2018 жылдың 20 маусымынан бастап басқарған Жансейіт Түймебаевтың орнына келді. 

Өмірзақ Шөкеев Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында 1964 жылы дүниеге келген. 1986 жылы Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын экономист-математик мамандығы бойынша тәмамдады. 

Түрлі жылдары Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары болды. 2017 жылдың 15 желтоқсанынан бастап қазірге дейін ҚР ауыл шаруашылық министрінің вице-премьері қызметін атқарды. 

GR Consulting Group стратегия және аналитика компаниясының басқарушы директоры Ербол Еділов өзінің Telegram желісіндегі арнасында облыстық мәслихат депутаттарының Жансейіт Түймебаевқа шапан жапқан сәтінен видео жариялады. 

 

Естеріңізге салайық, Түркістан облысы өткен жылы құрылды. 2018 жылдың 19 маусымында Назарбаев Шымкентке республикалық статус беріп, Түркістан облысының құрылғанын жариялады.