1561

Назарбаев Жаңа Зеландиядағы шабуылды айыптады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа Зеландияның Генерал-губернаторы Пэтси Реддиге көңіл айту жеделхатын жолдады.
Фотография - Назарбаев Жаңа Зеландиядағы шабуылды айыптады Сурет: today.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа Зеландияның Генерал-губернаторы Пэтси Реддиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Today.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Қазақстан Президенті Крайстчерч қаласындағы лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Біз жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілікке қатер төндіретін терроризм мен экстремизмнің кез келген түрін қатаң айыптаймыз.

Қазақстан біздің елдеріміздің бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазіргі заманның қауіп-қатерлеріне қарсы ынтымақтастықты жалғастыруға әрқашан дайын", – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Естеріңізге салайық, қайғылы оқиға 15 наурызда болды. Бірнеше адам Крайстчерч қаласындағы мешітке басып кіріп, ішіндегі адамдарға оқ атқан. Шабуылдаушылардың бірі Брентон Таррант қайғылы оқиғадан онлайн көрсетілім жүргізген. 

Зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ.