2683

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қойды

Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Фотография - Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қойды Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Today.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Фото -

Қазақстан Президенті Белгісіз жауынгер бейітінің жанындағы Мәңгілік алауға гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырлардың рухына тағзым етті. Рәсім соңында Мемлекет басшысы Құрмет қарауылының сап түзеп өткен салтанатты маршын көрді.

Фото -

Александр бағындағы Мәскеу Кремлінің қабырғасын бойлай орналасқан «Белгісіз жауынгер бейіті» Мемориалдық сәулет кешені Мәскеу үшін соғысқан жауынгерлердің құрметіне 1967 жылы салынды. Кешенге Ресей мәдени мұрасының нысаны, сондай-ақ, Жалпыұлттық әскери даңқ мемориалы мәртебесі берілген.

Загрузка...