2627

9 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Бұл туралы синоптиктер хабарлады.
Фотография - 9 сәуірге арналған ауа райы болжамы Көрнекі сурет

9 сәуірде Қазақстанда жаңбыр жауып, жел күшейеді, республиканың оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Кей жерлерде тұман болуы мүмкін, деп хабарлайды Today.kz.

Түркістан облысында бұршақ түсіп, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, таңертең және күндіз жел екпіні 25 метр секундқа жетеді. 

Жамбыл облысында күндіз бұршақ жауып, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. 

Қызылорда облысында синоптиктер жел екпіні 15-20 метр секунд болатынын айтты. 

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданы аумағында күндіз және таңертең жел секундына 20-25 метр секундқа жетеді. 

Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысында тұман болуы мүмкін. 

Загрузка...