1063

Геннадий Головкинге жаңа лақап ат қойылды

Бокссүйер бірнеше адам Головкин Абель Санчеспен жұмысын тоқтатқан кезде, боксшыға жаңа ат қойған.
Фотография - Геннадий Головкинге жаңа лақап ат қойылды Сурет: today.kz

GGG Promotions компаниясының басқарушы директоры Том Леффлер Геннадий Головкиннің өз атын Gennady-ден Gennadiy-ге не үшін өзгерткенін түсіндірді, деп хабарлайды Today.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Оның аты "Дженнадий" емес "Геннадий", "Геннадий Геннадьевич". Маркетинг пен тарату жұмыстарына, паблиситиге оның атын Y әрпімен қолданып жүрдік (Gennady — ред.), ресми және шын аты Gennadiy деп жазылады. Бұл таза техникалық сұрақ. Атын қалай атауды білмейтіндер үшін Triple G бар, оны есте сақтау оңай. Тіпті "Миллиардтар" сериалында ол Triple G деп аталды. 

Әнге қосылып, танымал телесериалдарда аталатын деңгейге жеткен кезде бокс шеңберінен шығып кеткеніңізді түсінесіз 

Ол O2 Arena, "Мэдисон Сквер Гарден", T-Mobile Arena-ларда аншлаг жасады. Сатылған билет санымен ғана емес, табыс көлемі жөнінен де рекорд орнатты. Оны бүкіл әлем жақсы көреді", – деді промоутер.

Бокссүйер бірнеше адам Головкин Абель Санчеспен жұмысын тоқтатқан кезде, боксшыны "Ақша" (Money) деп атаған. Оның себебі Головкин Санчестің жалақысын кесіп тастау арқылы сараңдық танытқан. 

Естеріңізге салайық, бірнеше жыл бойы Абель Санчес басқа жаттықтырушылар сияқты боксшының табысынан 10 пайыз алып отырған, бірақ Головкин DAZN платформасымен 100 миллион доллар тұратын ірі келісім жасаған соң, жаттықтырушысының жалақысын 2 пайызға қысқартып тастаған. Жаттықтырушы бұған келіспеген, нәтижесінде Головкин мен Санчес бірге жұмыс істемейтін болды. 

"Ақша" лақап аты кәсіби бокстан кеткен америкалық боксшы кіші Флойд Мэйвезерге де қойылған еді. Оның себебі америкалық боксшы ақшамен бірге суретке түскенді ұнатады екен. Одан бөлек, Флойд өз атын тарихқа әлемдегі ең көп табыс табатын спортшы ретінде де жазып қалдырды. 

Загрузка...