1098

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркелді

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың куәлігі берілді.
Фотография - Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркелді Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелді, деп хабарлайды Today.kz ҚР Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап. 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 8) тармақшасына, 59-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелсін.

2. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың куәлігі берілсін.

3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бюджетті жоспарлау және атқару бөлімі "Қазақстан Халық жинақ банкі" акционерлік қоғамына арнаулы уақытша шот ашу үшін Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы мәліметтерді ұсынсын.

4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл бөлімі Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы қоса беріліп отырған хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын", – делінген хабарламада.

Естеріңізге салайық, Тоқаевты Nur Otan партиясының съезінде Нұрсұлтан Назарбаев президенттікке кандидат ретінде ұсынған еді. Сол күні, 23 сәуірде кандидат ОСК-ге құжаттарын өткізіп, мемлекеттік тіл емтиханын тапсырды. 

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы 9 маусымда өтеді. 

Загрузка...