1155

Амангелді Таспихов ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркелді

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы 9 маусымда өтеді.
Фотография - Амангелді Таспихов ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркелді Сурет: election.gov.kz

Амангелді Таспихов Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелді, деп хабарлайды Today.kz ҚР Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап. 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 8) тармақшасына, 59-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Амангелді Сатыбалдыұлы Таспихов Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелсін.

2. Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховқа Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың куәлігі берілсін.

3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бюджетті жоспарлау және атқару бөлімі "Қазақстан Халық жинақ банкі" акционерлік қоғамына арнаулы уақытша шот ашу үшін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың тіркелгені туралы мәліметтерді ұсынсын.

4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл бөлімі Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы қоса беріліп отырған хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын", – делінген хабарламада. 

Фото -

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы 9 маусымда өтеді. 

Загрузка...