1038

Әміржан Қосанов ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркелді

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы 9 маусымда өтеді.
Фотография - Әміржан Қосанов ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркелді Сурет: election.gov.kz

Әміржан Қосанов Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелді, деп хабарлайды Today.kz ҚР Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап. 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 8) тармақшасына, 59-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелсін.

2. Әміржан Сағидрахманұлы Қосановқа Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың куәлігі берілсін.

3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бюджетті жоспарлау және атқару бөлімі "Қазақстан Халық жинақ банкі" акционерлік қоғамына арнаулы уақытша шот ашу үшін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Әміржан Сағидрахманұлы Қосановтың тіркелгені туралы мәліметтерді ұсынсын.

4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл бөлімі Әміржан Сағидрахманұлы Қосановтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы қоса беріліп отырған хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын", – делінген хабарламада. 

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы 9 маусымда өтеді. 

Айта кетейік, Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, "Ұлы Дала Қырандары" қозғалысының өкілі Сәдібек Түгел, ҚР кәсіби одақ Федерациясының өкілі Амангелді Таспихов пен "Ақ жол" партиясының атынан ұсынылған Дания Еспаева ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркелген болатын. 

Загрузка...