963

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының Басшысы сайлау туралы білу үшін ҚР ОСК-ге келді

Еліміздің ашықтық, анықтық, әділдік және бәсекеге қабілеттілік қағидаттары негізінде сайлау өткізуге бейімділігі атап өтілді.
Фотография - ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының Басшысы сайлау туралы білу үшін ҚР ОСК-ге келді Сурет: election.gov.kz

8 мамырда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Берік Имашев Ортсайлауком мүшелері сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының Басшысы Уршула Гацекпен және Миссия өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Today.kz ҚР ОСК-ге сілтеме жасап. 

Берік Имашев осы жылғы 10 сәуір мен 9 маусым аралығындағы кезеңде сайлау органдары науқанының барлық кезеңдері мен іс-әрекеттері туралы айтты.

Фото -

Кездесуде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары және науқанның негізгі кезеңдері: ұсыну, тіркеу, сайлау алдындағы үгіт, сондай-ақ дауыс беру күні мәселелері қаралды.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының өкілдері 2017-2018 жылдары енгізілген сайлау заңнамасындағы негізгі өзгерістер, соның ішінде сайлау алдындағы үгіт жүргізуге, сайлау науқанын қаржыландыруға қатысты жаңа ережелер туралы хабардар болды.

Еліміздің ашықтық, анықтық, әділдік және бәсекеге қабілеттілік қағидаттары негізінде сайлау өткізуге бейімділігі атап өтілді.

Загрузка...