389

Синоптиктер Қазақстанда күн қашан жылынатынын айтты

Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.
Фотография - Синоптиктер Қазақстанда күн қашан жылынатынын айтты Көрнекі сурет

"Қазгидромет" синоптиктері 16-18 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Today.kz.

Батыс Сібірден Қазақстанның солтүстік, шығыс аудандарына ығысатын суық антициклон жақын күндері орталық, оңтүстік, оңтүстік-шығыс облыстарға келеді. Бұл аталған аудандарда ауа райын суытады. 

"Бірақ мамыр құбылмалы, 17-18 мамырда солтүстік ауа легі батысқа ауысып, Қазақстанның көп бөлігінде ауа температурасы күрт жоғарылайды", – деді синоптиктер. 

Загрузка...