763

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбедегі "Green Capital Kazakhstan" жылыжай кешеніне барды

Қазақстан Президенті Ақтөбе облысында жұмыс сапарымен жүр.
Фотография - Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбедегі "Green Capital Kazakhstan" жылыжай кешеніне барды Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы "Green Capital Kazakhstan" жылыжай кешеніне барды, деп хабарлайды Today.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Қазақстан Президенті Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында жылына 3 мың тонна көкөніс өсіретін "Green Capital Kazakhstan" ЖШС-нің жылыжай кешенін аралап көрді.

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорынның шығаратын өнімдерін көрді және жаңа жұмыс орындарын ашып, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін осындай инвестициялық жобаларды іске қосудың маңызды екенін атап өтті.