809

Тоқаев "Қазмұнайгаз" ҰК" акционерлік қоғамының басқарма төрағасын қабылдады

Қазақстан Президенті басталған жобалардың бәрін мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Фотография - Тоқаев "Қазмұнайгаз" ҰК" акционерлік қоғамының басқарма төрағасын қабылдады Сурет: akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазмұнайгаз" ҰК" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алик Айдарбаевты қабылдады, деп хабарлайды Today.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Мемлекет басшысына ұлттық компанияның биылғы 4 айдың ішінде атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары мен алдағы жоспарлары туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ, компанияның IPO-ға дайындығы жөнінде баяндалды.

Қазақстан Президенті басталған жобалардың бәрін мерзімінде аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы корпоративтік басқару ісін дамыту, ұлттық компанияға білікті жас мамандарды тарту қажеттігін айтты.