772

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары ЕЭК Құрметті төрағасы болды

Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары ЕЭК Құрметті төрағасы болды Сурет: ©Әлибек Махметов

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы атағын беру ұсынылды, деп хабарлайды Today.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі шара еуразиялық интеграция жөніндегі идеясының 25 және Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі келісімнің 5 жылдығына арналып отыр.  Еуразиялық  интеграция идеясының авторы және бастамашысы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаевқа жеке құрмет көрсетуге рұқсат етіңіздер.  Қазақстанның Тұңғыш Президентінің саяси  көрегендігінің арқасында еуразиялық  интеграция идеясы шынайы жүзеге асырылып, құрлықтың экономикалық, сонымен қатар геосаяси ландшафтын түрлендірді десек те болады. Сондықтан оның Еуразиялық экономикалық одақтың қалыптасуындағы рөлін ескере  келе РФ Президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Әбішұлына  Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің Құрметті төрағасы атағын беруді ұсынды", - деді Жоғары Еуразия экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысын ашқан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Осы ретте ҚР Президенті  осы бастаманы көтерген В.Путинге және бастамаға толықтай қолдау білдірген кеңеске мүше мемлекеттердің басшыларына ризашылығын білдірді. ​​​​Еуразиялық экономикалық одақтың Жоғары Кеңесінің шешімімен, Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы мәртебесі берілді.