787

Сайлауда алғаш рет дауыс беруші елордалықтарға сыйлық табысталмақ

33 мыңнан астам астаналық ҚР Президенті сайлауына алғаш рет қатысады.
Фотография - Сайлауда алғаш рет дауыс беруші елордалықтарға сыйлық табысталмақ Көрнекі сурет

9 маусымда өтетін президенттік сайлауда алғаш рет дауыс беретін 18 жасар елорда тұрғындары естелік сыйлықтарға ие болады, деп хабарлайды Today.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

33 мыңнан астам астаналық ҚР Президенті сайлауына алғаш рет қатысады. Сондай-ақ 9 маусым күні туған күн иелері үшін футболка, кепка, кружка және басқа да көптеген сыйлықтар тапсырылады. 

Әлеуметтік желілердегі сайлауға қатысуға қалалықтарды барынша тарту мақсатында "Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан!" атты арнайы имидждік жоба іске қосылды.  9 маусымда Нұр-Сұлтан қала әкімдігі қоғамдық көліктерде тегін жол жүруді қамтамасыз ететін болады.