627

Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына келді

Ол түске дейін Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барған еді.
Фотография - Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына келді Сурет: facebook/@Берік Уәли

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына келді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады. 

"Бүгін түстен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына жұмыс сапарымен келді. Мемлекет басшысы "Болашақ" мұнай және газ өңдеу зауытына, "АРЕС PetroTechnic жоғары колледжіне" барады, сондай-ақ, ертең өңір жұртшылығымен кездеседі", - деп жазды ол.