833

Тоқаев Ораза Айтта еліміздің игілігі үшін дұға жасады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Фотография - Тоқаев Ораза Айтта еліміздің игілігі үшін дұға жасады Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Ораза айт мерекесінде "Нұр Астана" мешіті мен "Астана" медресе колледжіне барды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев оқу орнының жұмысымен танысып, оқу үдерісі мен материалдық-техникалық базасының жоғары деңгейде екенін айтты.

Студенттермен әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті оқу және жатын орындарының жағдайын сұрады. Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай оқу орнында оқитын шәкірттер ынталы әрі тәрбиелі болуы керектігін атап өтті.

"Сіздерді қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын. Аспанымыз ашық, жақсылықтар мол болсын, бақ-береке тілеймін. Келесі Рамазан айына басымыз аман, бауырымыз бүтін, халқымыздың төрт құбыласы түгел жетуге нәсіп етсін. Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!" – деп тіледі Мемлекет басшысы.

Соңында Қазақстан Президенті еліміздің игілігі үшін дұға жасады.