519

Тоқаев қазақстандықтарға алғыс айтты

Алдын ала мәліметтен соң ол өзіне деген сенімі үшін қазақстандықтарға алғыс білдірді.
Фотография - Тоқаев қазақстандықтарға алғыс айтты Сурет: toqayev_shtaby

Қасым-Жомарт Тоқаев  exit poll ақпаратынан соң қазақстандықтарға алғыс айтты, деп хабарлайды Today.kz оның штабына сілтеме жасап. 

Алдын ала мәліметтен соң ол өзіне деген сенімі үшін қазақстандықтарға алғыс білдірді. 

«Сайлауалды компания өркениетті түрде тыныш өткеніне қуанамын. Бұл сайлауалды бағдарламалар сайысы болды. Қазақстандағы саяси мәдениеттің деңгейі өсті деген сөз. Алда үлкен жұмыс күтіп тұр", – деді Тоқаев. 

Тоқаев өз жақтастарына да рақметін айтты. 

"Әлемдегі жағдай секілді елдегі жағдай да өзгеріп жатқанын байқадыңыздар. Халықаралық турбулентті процесс ықпалының нысанына аналдық. Қазақстан болашағы үшін жұмыс істеу мақсатында бірге болуымыз керек", – деді ол. 

"Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мықты көпұлтты мемлекет құрды. Біздің мақсатымыз бүкіл жетістікті сақтай отырып өркениетке қадам басу", – деді Тоқаев.