712

ОСК президент сайлауының соңғы қорытындысын жариялады

Жеңімпаздың есімі аталды.
Фотография - ОСК президент сайлауының соңғы қорытындысын жариялады Сурет: toqayev_shtaby

Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттік сайлаудың жеңімпазы деп жариялады, деп хабарлайды Today.kz ОСК төрағасының орынбасары Ләззат Сүлейменге сілтеме жасап. 

Қазақстанның қазіргі президенті сайлаушылардың 70,96 пайыз (6 539 715) дауысын жинаған. 

Президенттікке үміткерлердің жинаған дауыстары төмендегідей: 

  • Жамбыл Ахметбеков - 1,82 пайыз (167 649 дауыс) ;
  • Дания Еспаева - 5,05 пайыз (465 714 дауыс);
  • Әміржан Қосанов - 16,23 пайыз (1 495 491 дауыс); 
  • Төлеутай Рахымбеков - 3,04 пайыз (280 451 дауыс); 
  • Амангелді Таспихов - 1,98 пайыз (182 898 дауыс); 
  • Сәдібек Түгел - 0,92 пайыз (84 582 дауыс).

9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Қазақстандықтардың 77,4 пайызы дауыс берді. 

Тоқаев инаугурация 12 маусымда болуы мүмкін деді.