487

Қазақстан президентін ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтеді

Бұл туралы ОСК мәлімдеді.
Фотография - Қазақстан президентін ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтеді Сурет: toqayev_shtaby

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтеді, деп хабарлайды Today.kz ОСК төрағасының орынбасары Ләззат Сүлейменге сілтеме жасап. 

9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаев 70,96 пайыз дауыспен жеңіске жетті. Екінші орында – 16,23 пайыз дауыс жинаған Әміржан Қосанов. 

Қазақстандықтардың 77,4 пайызы дауыс берді.