1017

Алматы полиция департаменті Ринат Зайытовтың не үшін ұсталғанын түсіндірді

Аталған дерек прокуратура органдарының бақылауында.
Фотография - Алматы полиция департаменті Ринат Зайытовтың не үшін ұсталғанын түсіндірді Сурет: видеодан скриншот

Алматы қаласы полиция департаменті заңсыз митингке қатысқаны үшін қалалық полицияға жеткізілген Ринат Зайытовтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Today.kz.

"Алматы қаласы полиция департаменті азамат Зайытов Р. Алматы қаласының полициясына Алатау ауданында түс ауа болған заңсыз митингке қатысқаны үшін ұсталғанын хабарлайды. Құқықтық-түсіндіру жұмысынан кейін азамат Зайытов Р. үйіне босатылды", – делінген хабарламада. 

Полиция мәліметінше, ғимарат алдына Зайытовпен кездеспек болған адамдар жиналған. Олар Ринаттың үйіне кеткенін білсе де, тарқамаған. 

Жиналғандардың ендігі әрекеті жаппай тәртіпсіздікке ұласып кетуі мүмкін болғандықтан құқық қорғау органдарының талабымен азамат Зайытов Р. адамдар жиналған жерге әкелініп, жұртты заң бұзбауға және құқық қорғау органдарының заңды талабын орындауға шақырды", – деді қалалық полиция департаменті. 

Аталған дерек прокуратура органдарының бақылауында. 

Полиция департаменті Ринат Зайытов өз үйіне барған соң жақтастарына арналған бірнеше видео түсіргенін қоса айтты.