372

Арнайы құралдар қолданылған жоқ – Бас прокуратураның митинг жайлы мәлімдемесі

Бас прокуратураның мәліметінше, құқық бұзушылар полицияға жеткізіліп, сот тәртібінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Фотография - Арнайы құралдар қолданылған жоқ – Бас прокуратураның митинг жайлы мәлімдемесі Сурет ашық дереккөзден алынды

ҚР Бас прокуратурасы митингке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Today.kz

"Бас прокуратура елімізде заңсыз жария акцияларға жол берілмейтіндігі туралы бірнеше рет ескерткен болатын. Алайда, жекелеген адамдар заңды талаптарға бағынбай, полиция қызметкерлерін арандатып, оларға шабуыл жасады. Жүргіншілердің, әйелдер мен балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді. Осыған байланысты, құқық қорғау органдары қоғамдық тыныштықты сақтауға және азаматтарды қорғауға бағытталған шаралар қабылдады. Бұл ретте арнайы құралдар қолданылған жоқ", – делінген хабарламада. 

Бас прокуратураның мәліметінше, құқық бұзушылар полицияға жеткізіліп, сот тәртібінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

"Заңсыз акцияларға және тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысу Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабына, Қылмыстық кодексінің 400 және 405-баптарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғатынын түсіндіреміз. Құқық қорғау органдары бұдан әрі де осындай бұзушылықтарға жол бермейтін және оларды болдырмау үшін заңмен көзделген шараларды қабылдайтын болады", – делінген ақпаратта. 

Естеріңізге салайық, президенттік сайлаудың қорытындысы жарияланған күні заңсыз митинг болды. ІІМ мәліметінше, 500-ге жуық адам ұсталған.