417

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді

Нұр-Сұлтан қаласында президентті ұлықтау рәсімі өтті.
Фотография - Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді Сурет: ©Әлибек Махметов

Сайланған президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді. Президентті ұлықтау рәсімі тәуелсіздік сарайында өтті, деп хабарлайды Today.kz.

9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаев 70,96 пайыз дауыспен жеңіске жетті. Екінші орында – 16,23 пайыз дауыс жинаған Әміржан Қосанов. 

Қазақстандықтардың 77,5 пайызы дауыс берді.