796

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және облыс әкімдері өкілеттігін тоқтатты

Бұл туралы Жарлыққа Тоқаев қол қойды.
Фотография - Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және облыс әкімдері өкілеттігін тоқтатты Сурет: pixabay.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Today.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", – делінген Жарлықта.