783

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар лауазымды тұлғалардың қызметін өзгертті

Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Фотография - Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар лауазымды тұлғалардың қызметін өзгертті Көрнекі сурет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар лауазымды тұлғалардың қызметін өзгертті, деп хабарлайды Today.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

"Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Арыстан" қызметінің бастығы лауазымынан;

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бірінші департаменті Үшінші басқармасының аға инспекторы Жасұлан Аманжолұлы Сәрсембай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы міндеттерін уақытша атқарудан;

Қайрат Иматұлы Сұнтаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметінен босатылды", – делінген өкімде.