636

Шымкент қаласында митинг ұйымдастырған азаматтар анықталды

Бұл туралы ҚР ІІМ Ерлан Тұрғымбаев айтты.
Фотография - Шымкент қаласында митинг ұйымдастырған азаматтар анықталды Сурет: azh.kz

Шымкент қаласында митинг ұйымдастырған азаматтар анықталды, деп хабарлайды Today.kz ҚР ІІМ Ерлан Тұрғымбаевқа сілтеме жасап. 

Қазір оларға қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 274 бабының 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жалпы наразылық шеруіне қатысқандар екі сағатқа созылған түсіндіру жұмысынан кейін тарап, үйлеріне оралған. Олар Шымкент басшылығынан жер телімі мен үй талап етіпті. 

"Азаматтарды билікке бағынбауға шақырғандарға қатысты істі қозғадық. Процессуалдық шешімді қабылдауға дайынбыз. Рұқсатсыз шеруді ұйымдастырғандардың басты мақсаты не? Бұған келуге не итермелегенін анықтаймыз", – деді министр "Хабар24" арнасына берген сұхбатында. 


Айта кетейік, құқық қорғау органдары тарапынан митингке шыққандарға қарсы күш қолданылмады.

27 маусымда Шымкентте орталық мешіт пен қаланың басты алаңына адамдар жер мен үй сұрап митингке шыққан еді. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов шерушілермен екі рет кездесті. Одан бөлек митингке шыққан халық алдына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев та келді.