517

ҚР энергетика вице-министрі тағайындалды

Мұрат Жүребеков 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.
Фотография - ҚР энергетика вице-министрі тағайындалды Сурет: primeminister.kz

ҚР Үкіметінің қаулысымен Мұрат Өтемісұлы Жүребеков Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп жазады Today.kz.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мұрат Жүребеков 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтын (іскерлік әкімшілендіру магистрі (МВА), "Strathclyde" университетін (экономика және басқару магистрі), "Басқарушы қызметкерлерге арналған бағдарлама" мамандығы бойынша Гарвард бизнес мектебін тәмамдаған.

Түрлі жылдары "ҚазТрансГаз" ЖАҚ, "Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ, Лондон қаласындағы "Аджип ККО", "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "PSA" ЖШС қызмет еткен. 

2017–2019 жылдары — "PSA" ЖШС бас директоры (Мұнай-газ жобалары бойынша ҚР Үкіметінің өкілетті органы) болған.