621

8 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Бұл туралы синоптиктер хабарлады.
Фотография - 8 шілдеге арналған ауа райы болжамы Сурет: pixabay.com

"Қазгидромет" синоптиктері Қазақстанда 8 шілде ауа райы қандай болатынын хабарлады, деп жазады Today.kz.

Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. 

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында жел секундына 20 метрге дейін күшейеді, күндіз найзағай ойнауы мүмкін. Қызылорда облысында екпіні 15-20 метрге дейін жететін шаңды дауыл соғады, найзағай ойнауы мүмкін. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз қатты ыстық күтіледі. Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында өрт тұтану қаупі бар.