701

Қазақстанда күн 40 градусқа дейін ысиды

Бұл туралы синоптиктер айтты.
Фотография - Қазақстанда күн 40 градусқа дейін ысиды Сурет: pixabay.com

Қазақстанда 13 шілдеге дейін ауа райы қандай болатыны айтылды, деп жазады Today.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап. 

Алдағы үш күнде ел аумағының көп бөлігінде күн ашық әрі ыстық болады.

Күндіз термометр бағаны 30-38 градусқа, кей жерлерде 40-43 градусқа дейін көтеріледі. 

"Тек батыста ғана қысқа мерзімді жауын күтіледі, жаңбыр жауып тұрғанда да ыстық болады", – деді синоптиктер.