665

Тоқаев Сыртқы істер министрін қабылдады

Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Фотография - Тоқаев Сыртқы істер министрін қабылдады Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады, деп хабарлайды Today.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан делегациясының Қырғызстанда өткен "Еуропалық одақ – Орталық Азия" атты министрлер конференциясына және Словакияда өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сыртқы істер министрлерінің бейресми Кеңесіне қатысқаны жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның стратегиялық серіктестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын жандандыру қажеттігін айтты.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы сыртқы саяси іс-шаралар кестесі қарастырылды.