Ғабидолла Әбдірахымов сенімді ақтаған жоқ – Қырымбек Көшербаев

Қазақстан
1293
Ғабидолла Әбдірахымов отставкаға кетті.

ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев Шымкенттің экс-әкімі  Ғабидолла Әбдірахымовтың отставкасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Today.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, Ғабидолла Әбдірахымов халық алдындағы жауапкершілігін толық ұғынған жоқ. 

"Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, қазіргі басты міндет – халықтың сенімі, халық пен билік арасында диалог орнату. Өздеріңіз жақсы білесіздер, Ғабидолла Әбдірахымов ел билігінен қолдау тауып, таудай сенім арқалады. Оны еліміздегі ең лауазымды әрі жауапты қызметтерге тағайындады. Өкінішке қарай, мұны өзі жеткілікті түрде ұғынған жоқ", - деді Қырымбек Көшербаев Шымкент қалалық мәслихатының сессиясында. 

Президент Әкімшілігінің жетекшісі экс-әкімнің ұнамсыз қылықтарын атап өтті. 

"Оның қылықтары БАҚ пен әлеуметтік желілерде егжей-тегжейлі жарияланып жүрді. Мұның бәрі дәл қазіргі уақытта – халық мемлекет қолдауына мұқтаж болып отырғанда, Арыс енді ғана еңсесін тіктеп, Түркістан жаңарып, еліміз жаңа заманның сын-қатеріне жауап іздеп жатқанда болды. Бұл - Мемлекет басшысының тапсырмаларына кереғар, биліктің абыройын түсіретін жағдай. Бүгінде Ғабидолла Әбдірахымовқа артылған саяси сенім шегіне жетті. Халық биліктің барлық тармағының адал жұмысына лайық. Осыған байланысты өңір басшылары халыққа қалтқысыз қызмет етіп, өздерін келісті ұстауы керек", - деп түйіндеді сөзін Қырымбек Көшербаев. 

Еске сала кетсек, бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі лауазымынан босатылды. Оның орнына осы күнге дейін Отырар ауданын басқарып келген Ерлан Айтаханов тағайындалды.


Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить