Өмірімізге қажетті қағаз құжаттар санының азаятыны қуантады – Жұмағалиев

Қазақстан
137
Қазақстан тағы 24 анықтамадан арылуға дайын.

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев азаматтарға таяуда жүргізуші куәлігі мен техпаспортты өзімен бірге алып жүруінің қажеті болмайтыны туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Today.kz. Ол сондай-ақ бір-екі жылдан кейін қандай құжаттардың қажет болмайтыны туралы айтты.

"Жүргізуші куәлігі мен техпаспортты алып жүрудің қажетті болмауы - бұл шын мәнінде, көптен күткен шешім. Мемлекет пен азаматтың өзара цифрлық іс-қимылын жақсартуға жасалған үлкен қадам. Полицейлердің жүргізушілерден бұл құжаттарды талап етпей-ақ, оның бар-жоғын ЖСН арқылы тексеруіне техникалық мүмкіндіктер бар. Қазір Сенатта қаралып жатқан "Цифрлық технологиялар туралы" заң жобасы қабылданғаннан кейін, eGov Mobile мобильді қосымшасындағы цифрлық құжаттар толық заңды күшке ие болып, қағаз құжатпен бірдей қолданылады. Яғни, сіз полиция қызметкеріне өз куәлігіңіздің цифрлық нұсқасын смартфоннан көрсете аласыз", - деді министр.

Әзірге мобильдік қосымшада 4 түрлі құжаттың цифрлық нұсқасы бар: жеке куәлік, баланың туу туралы куәлігі, неке қию және бұзу, атын, тегін, әкесінің атын ауыстыру туралы.

"Біз мемлекеттік органдарға қосымшада сондай-ақ, студенттік куәлік, әскери билет, мүгедектік туралы куәлік, жылжымайтын мүліктің техникалық паспорты және т.б. болуы үшін қажетті интеграцияны жүргізуді ұсындық. Бұл құжаттардың мобильдік қосымшада цифрлық нұсқаларының болуы азамат үшін өте ыңғайлы болар еді деп ойлаймын. Сонымен қатар, біз мемлекеттік органдардың азаматтан талап етпей, өздері ала алатын анықтамалардан бас тартуы жұмыстарын жүргізудеміз. Жоспар бойынша, мемлекеттік органдар жыл соңына дейін 24 ақпараттық анықтаманы алып тастауға уәде берді. Ол үшін олар өз интеграциясын аяқтауы, сондай-ақ өз регламенттері мен НҚА-ны өзгертуі тиіс. Өмірімізге қажетті қағаз құжаттар санының азаятыны қуантады", - деп түйді Жұмағалиев.

 

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить