Нұр-Сұлтандағы мектептерде соңғы қоңырауы қалай өтеді

Қазақстан
162
Елорда тарихында алғаш рет соңғы қоңырау онлайн режимінде өтеді.

Пандемия кезінде қашықтықтан оқыту форматына байланысты Нұр-Сұлтанда мемлекеттік қорытынды емтихандар алынып тасталды. Мектептердегі жылдық бағаларды қорытындылау үшін әр бөлімнің және тоқсандық жиынтық бақылау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Today.kz. Бұл туралы брифинг барысында елордалық білім басқармасының бастығы Шолпан Қадырова мәлімдеді.

"25 мамырда барлық мектепте оқу жылының аяқталатыны белгілі. Пандемия кезінде қашықтан оқыту форматына байланысты мемлекеттік қорытынды емтихандар өткізілмейді. Жылдық бағалауды өткізу үшін ұсынылған әдістемелік ұсынымдарды ескере отырып, мектептерде бөлім бойынша жиынтық жұмыстары және тоқсан бойынша жиынтық жұмыстары жүргізілді. Бүгін 22 мамырда Balapan, Elarna телеарналарында 11 сынып бітіруші түлектерге арналған кәсіптік бағдар беру бойынша бірыңғай телесабақ көрсетілуде. Биыл мектеп бітіру іс-шарасы "Birgemiz: Түлек-2020" ұранымен өтеді", - деп хабарлады Шолпан Қадырова Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facebook парақшасында онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша 25 мамыр күні сағат 11.00-де барлық мектепте мүмкіндігінше ата-аналардың, қамқорлық кеңес мүшелерінің, бизнес өкілдерінің, мектепті үздік бітірген бұрынғы түлектердің қатысуымен 1-10 сыныптарға арналған онлайн соңғы қоңырау өткізіледі. Телеарналар арқылы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов түлектерді құттықтайды. Сол күні аталмыш шара оңтайлы кесте бойынша өтеді. 

"Ал 3 маусым күні барлық мектептерде 11 сынып түлектері үшін аттестаттар мен "Алтын белгіні" тапсыру рәсімі өтеді. Іс-шара мектеп аумағында, ашық аспан астында ұйымдастырылады. Мектеп бітірушілердің мектеп формасымен қатысуы қатаң түрде ескертіледі. Салтанатты рәсімнен кейін "Түлектер аллеясында" тал егу жоспарланып отыр. Мектеп бітіру іс-шараларын өткізу күндері мектеп әкімшілігіне құқық бұзушылыққа жол бермеу, санитарлық және эпидемияға қарсы режимді қатаң сақтау шаралары жүктелді", - деді басқарма басшысы.

 

 

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить