ҚР АШМ бірқатар ауылшаруашылық өнімдерін импорттаушыларды "қара тізімге" енгізді

Қазақстан
184
РФ жағынан Батыс Қазақстан облысындағы "Сырым" фитосанитарлық бақылау бекетінде көкөніс пен жемістері бар 24 жүк көлігі тоқтатылды.

Қазақстанға халықаралық сауда нормаларын бұзып, 24 жүк көлікпен фитосанитарлық сертификаты жоқ өсімдік өнімдерін тасымалдауға тырысқан импорттаушыларға айыппұл салынып, олар «қара тізімге» енгізілді. Сонымен қатар, оларға 30 күн ішінде ҚР және РФ аумағында шектеулі санкциялар қолданылады деп хабарлайды  Today.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 24-27 шілдесі аралығында Батыс Қазақстан облысындағы  "Сырым" фитосанитарлық бақылау бекетіне Ресей Федерациясынан карантинге жатқызылған өнім: 10 – астық, 5 – картоп, 4 – жеміс, 3 – лимон, 2 – банан тиелген 24 автокөлік келген.

Карантиндік фитосанитарлық бақылау барысында ҚР АШМ мемлекеттік инспекторлары тауарлардың фитосертификаттары жоқтығын анықтады. Бұл өз кезегінде халықаралық сауда нормаларын, өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині жөніндегі халықаралық конвенцияның және Еуразиялық экономикалық одақ талаптарын өрескел бұзу болып саналады.

"Осының негізінде барлық 24 автокөлік тоқталып, соның салдыранан ҚР және РФ шекарасы арасындағы жолда ұзын-сонар кезек пайда болды.

Алайда, екі елдің бекеттетері  арасындағы кептеліс салдарынан туындаған қолайсыздыққа байланысты, сондай-ақ азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында жүктердің фитосанитарлық жағдайы терең зертханалық зерттеуден өткізіліп, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға айыппұл салып және ЕАЭО өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзушылар тізіміне енгізілгеннен кейін жүк көліктерінің Қазақстанға кіруіне рұқсат етілді. Сондай-ақ, аталмыш импорттаушыларға 30 күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аумағында фитосанитарлық сертификаттар ала алмайтындығы түсіндірілді", - деп хабарлайды ҚР АШМ.

Сонымен бірге, ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ресей ауыл шаруашылығын бақылау комитетімен осындай заң бұзушылықтардың алдын алу және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту бойынша іс-шаралардың бірыңғай алгоритмін әзірлеу жөнінде келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр.

"Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан шекарасында карантиндік фитосанитарлық бақылауды күшейтіп, заң бұзушыларға қатысты қатаң шаралар қолданады", - деп түйді министрлікте.

 

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить