СҚО-дағы 60 ауыл жылдамдығы жоғары интернетпен қамтылды

Қазақстан
212
Қазақтелеком Солтүстік Қазақстан облысына талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жұмысын аяқтады.

Тайыншы ауданына қарасты Петровка ауылындағы орта мектеп алғашқылардың бірі болып кең жолақты интернетке қосылды. «Оптика» арқылы жеткен жүйрік интернеттің игілігін мұғалімдермен қатар, оқушылар да бағалап үлгерді.

«Веб-сайттар бірден ашылады. Оқушылар бүкіл сынып болып немесе жеке-жеке әр түрлі құрылғылардан Bilimland.kz сияқты интернет-ресурстарды емін-еркін қолдана алады. Бұл оқу процесін қызықты әрі танымды етеді», - дейді Петровский орта мектебінің информатика мұғалімі Бауыржан Алимов.

Мектеп мұғалімдерімен қатар, ауыл дәрігері де жоғары жылдамдықтағы интернеттің мүмкіндігін бағалап үлгерді. Тимирязев ауданының Хмельницкое ауылындағы медициналық пункт фельдшері Светлана Полубоярцева, онлайн-платформалармен жұмыс істеу,  әсіресе коронавирус індеті жайлаған кезде сырқаттарға онлайн кеңес беру аса қиынға соққаннын еске алады. 

«Интернет-ресурстарда жұмыс істеу мүмкін болмады. Науқастарға телефон арқылы кеңес бердік. Мессенджерлерде дауыстық хабарламалар, құжаттар мүлдем жіберілмеді. Облыс орталығында өткен онлайн-конференцияларға қосылу туралы айтпасақ та болады. Ал қазір ауылымызға интернет келді. Бәрі күрт өзгерді. Біз денсаулықты басқару арнайы бағдарламасында жұмыс істейміз, онда диспансерлік науқастардың деректері оңай енгізіледі. Көлемді файлдар электрондық поштаға бірден жүктеледі», - дейді фельдшер Светлана Полубоярцева.

Ауылдарға талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылып, оған мемлекеттік органдар қосылғаннан кейін, жеке үйлерге қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін байланыс желілері де жаңартылыпты. Нәтижесінде  тұрғындар «Қазақтелеком» ұсынатын  заманауи телекоммуникация қызметтерін пайдалануда. Бұл жұмыс Петропавлдан 200 шақырым қашықтықта орналасқан 600 тұрғына бар Сырымбет ауылында аяқталған.  Ауыл тұрғыны, көпбалалы Бейсембаевтар отбасы интернеттің игілігін  алғашқылардың бірі болып көрген. 

«Біздің отбасымызда жеті бала бар. Қашықтан оқытуға көшкенде біз басқа ауыл тұрғындары сияқты интернеттің әлсіздігінен қолымыз байлаулы болды. Сондықтан күн сайын интернет іздеп, сонау Саумалкөл ауылына балаларды апаруға тура келді. Бұл ауылға тек бір бағытқа 30 шақырым. Әрі-бері жүргенде көп уақыт жоғалттық. Ал енді міне интернет үйімізге кірді», - деп өзінің әсерімен бөлісті көпбалалы ана Азина Айтпаева.

Солтүстік Қазақстан облысындағы 60 ауыл жылдамдығы жоғары интернетке қол жеткізу мүмкіндігін 2 жылға жуық уақыт күткен еді. Өйткені облыста талшықты-оптикалық байланыс желілерінің құрылысы екі жылға жалғасты. Климаттық жағдайлар мен карантин шаралары құрылыс жұмыстарын едәуір қиындатты. Солтүстік Қазақстан облыстық жергілікті желілердің техникалық торабы қызметкерлерінің айтуынша, ауыр техникалардың батпаққа батып немесе аязда қатып қалған кездері жиі болған. 

«60 ауылға дейін 1245 километрлік оптикалық кабель тартылды. Жылдамдығы жоғары Интернет білім беру объектілеріне, денсаулық сақтау мекемелері, ауылдық әкімдіктерге, ауылшаруашылық нысандары мен полиция бекеттеріне берілді», - дейді Солтүстік ӨТД бас директоры Ерсайын Дүйсемәлиев.

Фото -
Облысқа тартылған талшықты-оптикалық байланыс желісінің негізінде 5 ауылдық елді мекенде жаңадан мәлімет тарату торабы монтаждалған, сол арқылы кең жолақты интернет әрбір тұрғын үйге жетті. Ал 23 ауылда тораптардың өткізгіштік қабілеті арттырылды.

«Құрылған инфрақұрылым негізінде ауыл тұрғындарын ұялы байланыспен қамтамасыз етуге бағытталған «250+» жобасы одан әрі іске асырылады. Айта кетейін, Солтүстік Қазақстан облысында осы жоба аясында 70 ауылдық елді мекен тұрғындары мобильді интернетке қосылу қызметімен қамтамасыз етіледі», - деді «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.

Қазіргі уақытта Айыртау ауданы, Комаровка, Бірлестік, Ағынтай батыр ауылдарының тұрғындарына кең жолақты интернетке қосылудың техникалық мүмкіндігі де ұсынылған. Әрі қарай, «250+» жобасы бойынша Айыртау ауданының 15 ауылдық елді мекенінде ұялы байланыс операторларының базалық станциялары салынады.

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить