Орталық сайлау комиссиясы 2021 жылғы 10 қаңтарда сайланған VII шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаттарын тіркеді, деп хабарлайды Today.kz.
Отырысты ашқан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңға сәйкес Парламент депутатының өкілеттігі оны Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутаты ретінде тіркеген сәттен басталатынын атап өтті.
Ортсайлауком мүшесі Анастасия Щегорцова "VII шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаттарын тіркеу туралы" баяндама жасады.
Ол "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңға сәйкес Орталық сайлау комиссиясы сайланған Парламент депутаттарын тіркеуді жүргізетінін хабарлады. Ортсайлауком әрбір депутатқа белгіленген үлгідегі куәлік пен омырауға тағатын белгіні береді.
Осыған байланысты "VII шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаттарын тіркеу туралы" қаулы қабылданды. Қаулығы сәйкес, VII шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 107 депутаты тіркелді. Оның ішінде: "Nur Otan" партиясының партиялық тізімі бойынша - 76 депутат; «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 12 депутат; Қазақстан Халық партиясы – 10 депутат; Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған - 9 депутат.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев тіркелген депутаттарға куәліктер мен омырауға тағатын белгілерді табыс етіп, оларға Республиканың заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді органында табысты және жемісті жұмыс тіледі.
Комментарии
{{ comment.comment_author }}
{{comment.datetime}}
{{comment.text}} Ответить
{{ comment.comment_author }}
{{comment.datetime}}
{{comment.text}} Ответить
Отправить