Кәсіпқой боксшы Иса Ақбербаев кезекті жекпе- жегін өткізеді

Фотография - Кәсіпқой боксшы Иса Ақбербаев кезекті жекпе- жегін өткізеді

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында 19 қаңтар күні ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Халықаралық бокс ұйымының (ІВО) Құрлықаралық әлем чемпионы Иса Ақбербаев 11-ші жекпе-жегін өткізеді

291 0

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында 19 қаңтар күні ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Халықаралық бокс ұйымының (ІВО) Құрлықаралық әлем чемпионы Иса Ақбербаев 11-ші жекпе-жегін өткізеді.

Әзірге оның 10 раундық бұл кездесудегі қарсыласының кім болатыны белгісіз. 1983 жылы 5 қарашада  Алматы қаласында өмірге келген ол бұған дейін 10 кездесу өткізіп, оның бәрін (жетеуін нокаутпен) өз пайдасына шешкен болатын.

Алғашқы жекпе-жегін 2009 жылы 19 тамызда Өзбекстанның Алмалық қаласында Шухрат Ишмухаммедовпен өткізген Иса Ақбербаев 2012 жылы 12 мамырда Украинада Бровари қаласында аргентиналық Мауро Адриан Ордиалеспен болған соңғы сайыста Халықаралық бокс ұйымының Құрлықаралық әлем чемпионы атағын сәтті қорғап шыққан болатын. Онда   29 жасар алматылық  37 жастағы қарсыласын 12 раундтық жекпе-жектің 3-раундында техникалық нокаутпен ұтты. Бұл оның кәсіпқой бокстағы 10-ыншы кездесуі еді. Қазақстандық  былғары қолғап шебері енді бұл кездесуде де үстем шығатын болса, одан кйін тағы бір жекпе-жек өткізіп, онда да жеңіске жетсе, Халықаралық бокс ұйымының ағымдағы Әлем чемпионымен жұдырық  түйістіретін болады.

Жалпы И.Ақбербаев Халықаралық бокс ұйымының бос тұрған Құрлықаралық әлем чемпионы атағын  2011 жылы 36 наурызда Ресейдің Екатеринбор қаласында жеңіп алған болатын. Ал 2010 жылы 4 қарашада Германияның Берлин қаласында Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) Азия бокс өкілдігінің чемпионы атанған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!