Пато «Коринтианспен» келісімге отырды

Фотография - Пато «Коринтианспен» келісімге отырды

Бразилиялық жас шабуылшы спорттағы жолын өз отанында жалғастыруды жөн деп шешті. «Коринтианс» бұл жігіт үшін 15 млн. еуро көлеміндегі ақша жұмсаған. Жақын арада Пато мединциналық бақылаудан сәтті өтіп жатса, жаңа командасымен 4 жылдық келісім-шартқа отырады

157 0

Бразилиялық жас шабуылшы спорттағы жолын өз отанында жалғастыруды жөн деп шешті. «Коринтианс» бұл жігіт үшін 15 млн. еуро көлеміндегі ақша жұмсаған. Жақын арада Пато мединциналық бақылаудан сәтті өтіп жатса, жаңа командасымен 4 жылдық келісім-шартқа отырады.

Лондондық клубтың ресми сайтына сенсек, «Тоттенхэм» құрамы бельгиялық «Стандард» командасының 20 жасар ойыншысымен толықты. Зеки Фрайерс есімді сол қапталдағы жас қорғаушы «Манчестер Юнайтед» клубының тәрбиеленушісі болып қана қоймай, Англия жастар құрамасында бірнеше матч өткізген екен. Бір ескерерлігі, ол чемпиондар лигасында  «МЮ» сапында жүріп «Оцелулға» қарсы ойнаған болатын.

27 жасар орталық қорғаушы Марко Рус «Вольфсбургтан» 2004-2011 жылдар аралығында өзі ойнаған «Айнтрахт» командасына ауысты. Соңғысының ресми сайтында Марконың жаңа командада жазға дейін тер төгетіні жазылған. Тіпті ол жейдесінің нөмірін де таңдап үлгерген екен.

«Лион» сапында 8 жыл ойнап, кейін «Галатасарайдың» негізгі құрамдағы орталық қорғаушысы болған 35 жасар Крис Бразилияның «Гремио» клубына ауысты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!