Қазағы көп құрама Петерборға аттанды

Фотография - Қазағы көп құрама Петерборға аттанды

Еліміздің 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Ресейдің Санкт-Петербург қаласына ұшып кетті. Нева жағалауында Қазақстан бозбалалары «Валентин Гранаткин мемориалы – 2013» халықаралық турниріне қатысады

222 0

Еліміздің 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Ресейдің Санкт-Петербург қаласына ұшып кетті. Нева жағалауында Қазақстан бозбалалары «Валентин Гранаткин мемориалы – 2013» халықаралық турниріне қатысады.

Бұл турнир 5 қаңтар күні басталады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан U-19 құрамасы аталмыш турнирдің «С» тобында бақ сынайды.

Михаил Соловьев жаттықтыратын бозбалаларымыз алғашқы ойынын 6 қаңтар күні Иранның жасөспірімдер арасындағы құрамасымен өткізеді. Одан кейін, яғни 8 қаңтарда Финляндия футболшыларымен, ал 10 қаңтарда Түркия тарландарымен кездеседі.

Қазақстан U-19 құрамасы осы дода алдында оқу-жаттығу жиынын өткізіп, Санкт-Петербургке мына құрамда аттанды:

қақпашылар – Михаил Голубничий («Ертіс», Павлодар), Илья Караваев («Сұңқар», Қаскелең);

қорғаушылар – Қасымжан Тайыпов («Қайрат», Алматы), Қуаныш Советов («Қайрат», Алматы), Ернар Қыдырәлі («Қайрат», Алматы), Мадияр Нұралы («Тараз»), Әбілқайыр Исмаилов («Астана»), Юрий Кузьменко («Ертіс», Павлодар);

жартылай қорғаушылар – Әнуар Жағыппар («Қайрат», Алматы), Абай Жүнісов («Астана»), Нұрлан Дайыров («Қайрат», Алматы), Алтынбек Сапаров («Атырау»), Рустам Сахыбов («Ақтөбе»), Владимир Воменко («Ертіс», Павлодар);

шабуылшылар – Әлішер Сүлей («Тобыл», Қостанай), Әділ Балғабаев («Астана»), Біржан Сағындық («Ертіс», Павлодар), Владислав Морозов («Восток» Өскемен).

Бапкерлер құрамы:

Михаил Соловьев – аға жаттықтырушы,

Қайрат Әубәкіров – аға жаттықтырушының көмекшісі,

Сергей Тагиев – аға жаттықтырушының көмекшісі, 

Алексей Азанов – дәрігер,

Александр Белов – массажшы,

Сергей Андрейко – менеджер.

 

«Валентин Гранаткин мемориалы – 2013» халықаралық турниріне қатысаиын командалар:

«А» тобы

Чехия, Украина, Әзірбайжан, Литва

«В» тобы

Ресей, Словения, Грекия, Латвия

«С» тобы

Қазақстан, Түркия, Иран, Финляндия

«D» тобы

Италия, Бельгия, Беларусь, Санкт-Петербург

 

Өздеріңіз де көріп отырсыздар, 16 команда төрт топқа тең бөлінген. Әуелі осы төрт топтағы командалар айналымдық жүйе бойынша бір-бірімен кездесіп шығады. Содан соң әр топта бірінші орын алғандар жартылай финалға шығып, жүлдегерлерді анықтайды.

Ал әр топта екінші орынға ие болғандар 5-8 орындарды сарапқа салады. Өз топтарында үшінші орынмен шектелгендер 9-12 орындар үшін таласса, төрт топтың аутсайдерлері 13-16 орындар үшін додаға түсетін болады.

Өз кезегімізде, құрамында қазағы көп құрамамызға ақ жол тілейміз. Аллаһ сәтін салып, Нева жағалауынан жүлдемен оралуларына тілектеспіз. Бұйыртса, Жамбыл атамыздың "Ленинградтық өренім" деген әйгілі өлеңін сәл өзгертіп:

"Қазақстандық өренім,

Мақтанышым сен едің.

Нева өзенін сүйкімді

Бұлағымдай көремін" деп жырлауға жазсын...


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!